Астанада «Мектепке барар жол» акциясы өтеді

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Астанада республикалық акция аясында «Мектепке барар жол» акциясы өтеді.

Оның аясында қайырымдылық акциялары, мектеп формасы пен жазба құралдарын сату шаралары, біліммен қамтылмаған балаларды анықтауға арналған рейдттер өткізіледі, жаңа оқу жылына дайындалуда көмекке зәру балаларға көмек көрсету шаралары өткізіледі.

Ұйымдастырушы - Астана қаласының білім басқармасы.