Астанада мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жинақтау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезекке тіркелген, барлық жас топтарының балалары үшін мектепке дейінгі мекемелерге топтау ағымдағы жылдың 27 сәуір мен 27 мамыр аралығында жүргізіледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми порталы.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымына балаларды жинақтау (қабылдау) туралы барлық сұрақтар күн сайын №61 орта мектебінде сағат 14.00-ден, 17.00-ге дейін жұмыс тобының құрамымен жүргізіледі.

Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі.

Жеңілдік санатындағы азаматтардың назарына! Қарастырылған қолдаухаттардың нәтижелерін 25 мен 29 мамыр аралығында білуіңізге болады.

Қала тұрғындарының назарына! Топтау кестесін мұқият қарап, жолдама алу үшін баланың туу туралы куәлік пен көрсетілген кезек нөмірімен келу керек.

Топтау аяқталған соң 1 тамызда қала әкімінің ресми сайтынан www.e.astana.kz электрондық қызметтен кезектің жылжығанын көруге болады.

Жеңілдетілген санаты бойынша құжаттар 27 сәуірге дейін құрылған жұмыс тобынның қарастыруымен қабылданып, жинақтау шеңберінде қаралады. 27 сәуірден кейін түскен құжаттар 2015 жылы кезекті жинақтау жұмыс тобында қарастырылады.

Астана қаласының тұрғындары балалардың әрбір жас шамасына байланысты, топқа арналған жинақтауды тізім кезегiндегi реттiк нөмiрiмен, ескерту көрcетiлген кезектiлiктерi бар нөмірлерімен салыстырулары керек.

Егер көрсетілген балабақшаның тұрған жері ыңғайлы болмаса, жолдаманы алмауға болады. Жолдаманы алмаған жағдайда баланың кезегі сол қалпында сақталады.

Балабақшаға жолдама тұрғылықты мекен-жайына байланысты емес, бос орындарға байланысты беріледі.

Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне топтау кестесі

Жылдар

Күні

Кезек нөмірі

1-жарты күндікте

Кезек нөмірі

2-жарты күндікте

2013ж.т.

27.04.2015

№ 1 ден №150

№ 151 ден № 300

28.04.2015

№ 301 ден № 450

№ 451 ден № 600

29.04.2015

№ 601 ден № 750

№ 751 ден № 900

30.04.2015

№ 901 ден № 1050

№ 1051 ден № 1300

4.05.2015

№ 1301 ден № 1412

құжаттармен жұмыс жасау

2012ж.т.

5.05.2015

№ 1ден № 150

№ 151 ден № 300

6.05.2015

№ 301 ден № 450

№ 451 ден № 600

8.05.2015

№ 601 ден № 750

№ 751 ден № 900

12.05.2015

№ 901 ден № 1050

№ 1051 ден № 1257

13.05.2015

құжаттармен жұмыс жасау

2011ж.т

14.05.2015

№ 1 ден № 150

№ 151 ден № 300

15.05.2015

№ 301 ден № 450

№ 451 ден № 600

18.05.2015

№ 601 ден № 767

құжаттармен жұмыс жасау

2010 ж.т.

19.05.2015

№ 1 ден № 150

№ 151 ден № 300

20.05.2015

№ 301 ден № 450

№ 451 ден № 671

21.05.2015

құжаттармен жұмыс жасау

2009ж.т.

22.05.2015

№ 1 ден № 200

№ 201 ден № 395

25.05.2015

құжаттармен жұмыс жасау