Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық Балаларды қорғау басқармасының басшысы Римма Иманғазинова айтты.
Оның айтуынша, акция барысында әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен, көп балалы отбасынан шыққан және қадағалаусыз, панасыз қалған балалар, сондай-ақ, басқа да себептерге байланысты сабаққа келмей жүрген материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейдтер жүргізілді.
«Биыл акцияны «Нұр Отан» ХДП, ҚР Білім және ғылым, Әділет, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, Ішкі істер департаменті, Статистика, Дін істері жөніндегі агенттіктер және басқа да мемлекеттік органдар қолдады», - деп атап өтті Р. Иманғазинова.
Сонмен қатар, ұлттық компаниялар мен басқа да ұйымдардың қолдауы нәтижесінде 6256 балаға 23 млн. 349 мың теңгеге көмек көрсетілді.