2009 жылдан бері өтіп келе жатқан акцияның негізгі мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.
Астанадағы Достық үйі оған жыл сайын белсенді түрде атсалысады.
— Мектеп табалдырығын жаңадан аттағалы тұрған балдырғандардың қадамы құтты болсын! Оқуға зерек болып, зейіндері ашылсын! Ата-аналарға, ең бастысы, шыдам тілеймін! Себебі бала оқытқан оңай емес. Әр баланың өзінің талабы, ұмтылысы болады. Соны көре алып, әрі қарай дамытуға күш-қуат берсін! Балаларымыз білім алудан шаршамасын! Осындай игі бастамалардың басында жүрейік, — деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының өкілі Жанна Әбдуәли.
Айта кетейік, акция барысында 70 оқушы мектеп сөмкесімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Бұдан бұрын мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамаған оқушыны мектепке кіргізбеуге немесе сабақтан шеттетуге болмайтынын жаздық.