Астанада мектептердің 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттеріне сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласының мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің 1,2 курс студенттеріне бүгін сабақ болмайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Бүгін таңертең Астанада 32 градус аяз болды. Күндіз температура -28 градус шамасында болмақ, дейді ауа райын болжау мамандары.