Астанада мембағдарлама аясында тұрғын үй кешені құрылысы бойынша пулға өтініш қабылдау мерзімі өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «2020 жылға дейін өңірді дамыту бағдарламасы» шеңберінде Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалау, № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 жобалық атаулары көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үй, Астана қаласының жобалық атаулары № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98, Лот №16 (лот №5), барлығы 143 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге болатын тұрғын үй кешені құрылысы бойынша пулға өтініш қабылдау болжамды мерзімінің өзгергені жайлы хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.

Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдаудың болжамды мерзімі: 2015 жылдын 17 қыркүйегінен бастап 2015 жылдын 17 қарашасына дейін.

Банктің Астана қ. Сығанақ көшесі, 29 ВП-3 мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе:

Астана №1 ҚО , Московская к-сі 29 (34 пәтер) мекен-жайында орналасқан,

Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4 мекен-жайында орналасқан,

Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а мекен-жайында орналасқан және де Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.