Астанада Мемлекет басшылары ЕурАзЭҚ отырысы ауқымында КО және БЭК мәселелерін талқылайды

None
СТАНА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат - Шілденің 5-інде Астанада өтетін ЕурАзЭҚ отырысында Кедендік одаққа - мүше мемлекет басшылары Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) дамыту мәселелерін талқылайды. Бұл жөнінде бүгінгі өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахменов хабарлады, деп жазады ресми БАҚ өкілдері.

«Шілденің 5-інде Астанада Мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесі мен Кедендік одақтың жоғары органының отырысын өткізу жоспарлануда. Аталған басқосу барысында ЕурАзЭҚ-ты дамытудың келешегі мен өзекті мәселелері, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушылардың қызметтерін реттеудің жолдары талқыланады», - деп атап өтті А.Абдрахманов.

Оның айтуына қарағанда, Кедендік одақтың кедендік кодексі туралы келісімнің 2010 жылғы шілденің 1-інде күшіне енуі туралы Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінің қабылдануы мен ЕурАзЭқ ауқымында Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағын құрауды аяқтау өте маңызды оқиға болмақ.