Жарыс мықтыны анықтау мен салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
«Өздеріңізге мәлім, Елбасы 2020 жылға дейін «30%-ға дейінгі қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту керек» деп атап өтті. Бұл міндетті орындау үшін, елімізде өткізіліп жатқан Президенттік тестілер бұқаралық спортты дамытудың негізгі локомативіне айналуы тиіс.
Біздің мемлекетіміз тәуелсіз ел ретінде Қазақстан спортының дамуында және қалыптасуында үлкен жетістіктерге жетті. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық түрін дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып табылады», деп атап өтілген хабарламада.