деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елордада екі күн қатарынан өтетін шара барысында еліміздің министрліктері мен ведомство өкілдері мемлекеттік орган қызметкерлерін елде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық даму шараларын жүзеге асыру жолдары мен оған қатысты қалыптасып отырған мәселелерді сөз етпек.
Бүгінгі жиын барысында осы мақсатта сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов елдегі индустриялық - инновациялық саясаттың жүзеге асырылуы мен мақсат-міндеттеріне тоқтала келе, осы бағытта ойлаған мақсатқа қол жеткізу үшін әр аймақтың өзіндік ерекшелігіне орай дамытылуы тиіс басым бағыттарды таңдап алу қажеттігін атап көрсетті. «Ол үшін аймақта нені дамытуға болатындығы жөнінде арнайы карта дайындаған дұрыс және бұл жұмыстардың түрлі салалар бойынша білікті мамандардың қатысуымен жүзеге асырған жөн. Тіпті бизнес саласының өкілдерімен де кеңесіп алғанның артықтығы жоқ. Егер осы іс талапқа сай дұрыс ұйымдастырылатын болса, еліміздің әр облысынан болашақта дамытуға қолайлы кем дегенде жақсы бір сала шығады», деді Үкімет басшысының орынбасары.