Астанада мемлекеттік органдардың терроризмнің салдарымен күрес мәселесі сөз болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 мамырда Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Консультативті-кеңес органы аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды.

Мемлекеттік органдардың террорисік актілердің салдарын жоюға және оны барынша азайтуға әзірлік мәселелері талқыланды.

АТО отырысының қорытындылары бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.