Астанада Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі ашылады

АСТАНА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 28-інде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметкерлерін дайындау жөніндегі мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін ашу мәселесі талқыланады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мектеп Елбасының Жарлығымен Академия базасында сингапурлық сарапшылармен бірлесіп құрылады. Сингапур - мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықтың индексі ең төмен және бизнес жүргізу қарапайымдылығы бойынша әлем бойынша озық тұрған ел. Оқу орны өз жұмысын 2009-2010 оқу жылында бастайды. Қазіргі уақытта ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 19 магистранты Сингапур университетінің Мемлекеттік саясат мектебінде машықтанудан өтуде. Мектепті ашудың ұйымдастырушылық мәселелері Академияда сәуірдің 28-інде өтетін халықаралық конференцияда талқыланады.