Астанада салынып жатқан жеңілдікті баспанадан үміткер «жас отбасы» санатындағылар үшін ұпайлар (балл) бекітілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сараптау тобы әрбір өтініш беруші бойынша меншікті жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы мәліметтерді анықтады және әрбір көрсеткіш бойынша ұпай сандарын есептеп шықты. Тізім Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл санат үшін бір бөлмелі 449 пәтер, екі бөлмелі 536 пәтер, үш бөлмелі 101 пәтер бөлініп отыр.
Комиссияның келесі отырысында «мемлекеттік қызметкер» санаты бойынша өтініштер қаралады.