Астанада мемлекеттік- жекеменшік серіктестік мәселесіне арналған халықаралық көшпелі семинар басталды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Риксос» қонақүйінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселесіне арналған халықаралық көшпелі семинар басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Семинарда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің құрылымы мен формалары, оны жүзеге асырудың тетіктері мен жобалары бойынша шетелдік ғалымдар дәріс оқуда. Айта кетейік, Азия даму банкінің «Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып отырған көшпелі семинар Бішкек қаласында басталды. Ал Астанадан кейін Ұланбатырда жалғаспақ.