Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева қатысты.
Мереке күні Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан жас аналарға құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Іс-шараның мақсаты – рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру.