Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілер жеткізген өнімдер ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 26 және 27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус маршруттары өтеді: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада 5 сәуірден бастап Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталатынын жазған хабарлаған едік.