Астанада мереке құрметіне от шашу ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзені жағалауында Отан қорғаушы күні мерекесіне орай елордалықтар мен қала қонақтары үшін отшашу болды.

Аталған мерекелік шара Астана уақытымен сағат 22:00 де басталып, 10 минутқа созылды. Еске сала кетейік, 7 мамыр күні Астанада «Қазақ елі» алаңында әскери парад болды.