«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының шарттарына сәйкес байқауға құжат қабылдау ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Берілген уақыт аралығында елорда әкімдігіне 51 отбасыдан өтініш келіп түскен. - «Мерейлі отбасы» - бұл Президентіміздің отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған идеясы. Елбасы мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі ретінде отбасы саясатын атап өткен болатын. Бұл біздің қоғамның басты құндылықтарының бірі, - деді ҚР Президенті жанындағы отбасы саясаты және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова. Байқау қорытындысы бойынша Дүйсекбаевтар мен Врублевкийлер отбасылары жүлделі 3-ші орынды өзара бөлісті. Ал 2-ші орын Герасименко және Өкеновтер отбасыларына бұйырды. Жүгінісовтер мен Елеусіновтер отбасылары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды.
19:50, 05 Маусым 2015
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы кезеңінің жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылып, үздік деп танылған отбасылар марапатталды, деп хабарлайды astana.kz.