«Өрт 435 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол сағат 08:53-те ауыздықталып, 09:40-та сөндірілген. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамының 6 қызметкері мен 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 11 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебін анықтау үшін Ақмола облыстық ТЖД алынған сынаманы өрт зертханасына жіберді. Өрттен ешкім зардап шекпеген.