ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, ота Ақтөбе қаласының 38 жастағы тұрғынына жасалған. Науқас Ұлттық нейрохирургия орталығының орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесіне жүгінген. Орталыққа жатқызылу кезінде ер адамның басы қатты ауырып, айналған, есте сақтау қабілеті бұзылып, жалпы әлсіздік жағдайында болған. Тексеруден кейін оған операциялық емдеу ұсынылды.
Нәтижесінде дәрігерлер мидағы ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасады.
Ұлттық нейрохирургия орталығында күн сайын күрделілік деңгейі әртүрлі 20-25 операция жасалады.
«Шындығында, бұл операциялардың барлығы бірегей және біз отандық медицинадағы серпінді іс-қимылды мақтан тұтуымыз қажет, себебі енді бізге көршілес елдерден ем алуға келуде», - деді ведомстводан.