Астанада министрлік қызметкерлері өзара спорттық жарыста сайысуда

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада министрлік пен ведомство қызметкерлері арасында республикалық спартакиада басталды.

"Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасындағы спартакиада жарысы жыл сайын өтеді. Биыл 20-дан астам орган өкілдері қатысуда. Біздің басты мақсатымыз - бұқаралық спортты танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау", - дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің департамент сарапшысы Мейрамбек Махамбетов.

Жарыс шағын футбол, қол күресі, волейбол, стритбол, бильярд, шахмат спорттары бойынша өткізілуде. 28 қазан күні тәмамдалатын доданы өткізу үшін "Астана-Арена" стадионы, "Сарыарқа" велотрегі және "Алау" мұз кешені сынды елорданың ең үздік спорт нысандары тартылған.