Қайғылы оқиға Мәңгілік ел даңғылының бойында көшені кесіп өтетін жүргіншілер көпірінің астында болған.
Оқиға орнына келіп жеткен полицияның мәлімдеуінше, ер адамды көлік қаққан. Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшені белгіленбеген жерден кесіп өтуге әрекеттенген.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.