Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан спортшылар келді. Жекпе-жектер 8 салмақта өтті.
Әйелдер дивизионында тек 2 қатысушы болды. Татьяна Петренко қарсыласы Максимова Регинаның қолына ауырту тәсілін жасап, бірінші орынға ие болды.
56,7 кг дейінгі салмақта Жұбаныш Бағдат өте көріністі өнер көрсетіп алтын жүлдеге қол жеткізді. Екінші орынға Мұхаметқанов Олжас ие болды. Қола жүлдегері Сейдасымов Нұрсұлтан болды.
61,2 кг дейін салмақтық дәрежеде Кубок чемпионы Қырғызстан елінен келген Сабыржан улу Самарбек аталды. Ол ақтық сында Мамедов Рамазанды жеңді. Үшінші орын Тілеубергенов Қанатқа бұйырды.
Нұрбек Қабдрахманов 65,8 кг дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Ақтық санда төрешілер шешімі бойынша оған Захир Алиев ұтылды. Қола жүлдені Тимур Ауғамбаев алды.
70,3 кг салмақта ең мықты болып Бағлан Телібаев танылды. Күміс жүлде иегері Шыңғыс Мұхамбетов, ал қола жүлдегері Денис Василенко атанды.
77,1 кг дейін орта салмақта Махир Алиев чемпион атанды, Борисенко Виктор күміс жүлдеге, ал Әкішов Бекзат қола жүлдеге ие болды.
84 кг салмақта бірінші Әшімхан Мәулен болды. Малик Темірсұлтанов екінші орынды, ал Александр Вал үшінші орынды иеленді.
93 кг Әбіров Серік алтын жүлдегер, Олег Терещенко күміс жүлдегер, Сәрсекеев Бахтияр қолы жүлдегер болды.
Спортшыларға жүлделік медальдардан басқа ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.