Астанада Момышұлы даңғылын су басты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су құбыры жарылып, елордадағы Бауыржан Момышұлы даңғылын су басып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Көктем келді! Б. Момышұлы даңғылы Б.Момышұлы каналына айналды», - деп жазды Еран Сәкенов өзінің Фейсбуктегі «Астана - Что? Где? Когда?» атты тобында.

«109» қызметінің консультант-операторы бұл постқа пікір ретінде аталған көшеде су құбыры жарылғанын жазып қалдырған.

«8 наурыз күні Момышұлы-Абылайхан даңғылдарының қиылысы тұсында су құбыры жарылды. Соның салдарынан Ерқосай, Ертарғын, Арқайым,  Бозторғай сынды бірқатар көшелердегі жер үй тұрғындары сусыз қалды. Оқиға орнында «Астана Су арнасы» МКК тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлайды «109» қызметі.

Фото: evgenykz