Астанада монтаждаушы 12 метр биіктіктен құлап, тірі қалды

None
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордалық «Алматы» ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу үстінде «Стройдеталь-М» ЖШС-ның 22 жастағы монтаждаушысы 12 метр биіктіктен құлап, ауруханаға жеткізілді.

Төтенше оқиға 27 қыркүйек күні таңертең болған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.