Астанада монтаждаушылар 12 метр биіктіктен құлап, мерт болды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында құрылысы жүріп жатқан «Еуропа Палас» тұрғын үй кешенінде кеше сағат 17.02-де құрылыс жұмыстары барысында екі монтаждаушы абайсызда 12 метрлік биіктіктен құлап кетті.

27 және 33 жастағы Қырғызстан азаматтары сол жерде мерт болды.