Куәгерлердің сөзіне қарағанда, автомобиль жүргізушісі Егемен Қазақстан көшесінің бойымен Абай даңғылына бағытында жүріп бара жатқан. Екі көшенің қиылысында оған мотоцикл келіп соғылды. Қатты соққының салдарынан көлік қатты майысып қалды. Ал мотоцикл 50 метр жерге дейін ұшып кетті.
Мотоцикл жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Бүгінде барлық тиісті сараптамалар жасалуда.