Бүгінгі таңда қалалық білім беру ұйымдарының тәрбие қызметінде 23 533 педагог қызмет етеді. Балалар санының өсуіне және «жайлы мектептердің» салынуына байланысты 2026-2027 оқу жылына қарай 4 мыңнан астам мұғалім қажет болады.
«Бұл мәселені шешу үшін соңғы жылдары қала әкімдігі педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын берді. Биыл педагогикалық мамандықтарға 900-ден астам грант бөлінді. Соңғы 4 жылда 3000-ға жуық грант бөлінді, оның ішінде әкім гранты бойынша білім алған педагогикалық жоғары оқу орындарының 132 түлегі биыл елорда мектептерінде жұмысын бастады», - деді Есет Бәйкен.