Астанада Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш өтеді

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Қазанның 2-сінде сағат 16:30-да елордадағы Конгресс-Холлда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанаты кеш өтеді,

деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа-орталығы.

Мерекелеу барысында 2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша «Таңдаулы мектеп», «Таңдаулы балабақша», «Таңдаулы кәсіби лицей», «Таңдаулы қосымша білім беру ұйымы», «Таңдаулы колледж», «Таңдаулы мамандандырылған ұйым» аталымдары бойынша үздік білім беру ұйымдары марапатталады. Жеңімпаздарға қала әкімі гранттар тапсырады. Мерекелік концертке сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері мен басқа да құрметті қонақтар шақырылды.

Бұл шараны Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырғалы отыр.