Тергеу барысында алаяқтар азаматтарды әртүрлі тәсілдермен көндіріп, екінші деңгейлі банктерде шын мәнінде жоқ автокөліктерге несие рәсімдегені анықталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген материалдық шығын көлемі 250 миллион теңгеден асты.
Прокуратура мәліметінше, алынған қаражатты қаскүнемдер жеке қажетіне жұмсаған, ал жәбірленушілер несиелік міндеттемелер бойынша қарызға батқан.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің:
262-бабы – ұйымдасқан топты құру және оған қатысу,
190-бабы – алаяқтық
бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, іс сотқа жолданды.
Айта кетейік, Астанада Перизат Қайраттың соты басталды.