Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Елордада арнайы жәрмеңке ұйымдастырылады. Шара Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының ғимаратында (Брусиловский көшесі, 17/3) 17 қыркүйек күні сағат 10.00-13.00 аралығында өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
«Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің хабарлауынша, олардың көпшілігі жұмыс істеуге және сол арқылы мемлекет қазынасына салық төлеуге қабілетті. Бүгінгі таңда әлеуетті жұмыс берушілер мүгедектердің кедергісіз еңбек етуі үшін қажетті пандус, т.б. қажетті құрылғыларды орнату сияқты дайындық жұмыстарын жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.