деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазанның 10-на дейін жалғасатын көрмені Астана қаласының әкімдігі, қалалық мәдениет басқармасы және еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен Қазіргі заман өнер мұражайы мүгедектер, мүгедек балалар қоғамдары және Салауатты өмір қалыптастыру орталығымен бірлесіп өткізіп отыр.
Көрмені ашқан мұражайдың топ жетекшісі Д. Бекованың айтуынша, 3 пен 76 жас аралығындағы 140 адамның сан түрлі техникада орындалған 182 жұмысы қойылған.
Көрменің алға қойған мақсаты - мүмкіншілігі шектеулі әр жастағы адамдардың қоғамдық өмірге белсене қатысуына, өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсетуіне жағдай жасау.