«Көрме республиканың мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елорданың имиджін жақсарту мақсатында өткізіліп отыр», - деді«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бизнесті қолдау жөніндегі бас директоры Серікбек Елшібеков.
С.Елшібеков, қазіргі күні мұнай шығаратын компаниялардың сатып алуларында қазақстандық үлесті арттыру бағдарламасы жүзеге асырылып отырғандықтан, мұнай-газ саласының дамуы елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.
Өздерінің экспозицияларын Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Италия, Германия, Мысыр, Украина, Беларус, Үндістан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерінің компаниялары, сондай-ақ АҚШ пен Ұлыбританияның және басқа да елдердің бірлескен кәсіпорындары ұсынды.