АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі компанияларды және қазақстандық тауарларды өндірушілерді, бұл саладағы жұмыстар мен қызмет көрсетушілерді «МҰНАЙ және ГАЗ: Қазақстандық қамту - 2012» форумына қатысуға шақырып отыр.
Аталған ведомствоның мәліметіне қарағанда, форумды өткізудің негізгі мақсаты - мұнай-газ компанияларының қазақстандық өндірушілерге 2012-2014 жылдар арасындағы орта мерзімді кезеңдегі тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулардың жоспарларын ашуы.
Бұл алқалы жиын бүгін, 20 наурызда Астанада болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.