Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 16-27 тамыз аралығында Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
- Осы кезеңде көлік қозғалысы екі бағытта бір жақтан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескергені жөн, - деп жазды ведомстводан.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Егемен Қазақстан көшесінің бір бөлігі жабылатыны ескертілді.