19:39, 19 Наурыз 2009
Астанада «Мұз дәуірі» халықаралық шоу бағдарламасы қойылады
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ - Наурыздың 21-інде елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында Ресейдің Бірінші телеарнасының «Мұз дәуірі» халықаралық шоу бағдарламасы қойылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жұлдыздар мұз үстінде» жобасының жалғасы болып табылатын бұл бағдарламаға спорт, театр, кино, эстрада және теледидар жұлдыздары қатысып келеді. Астанадағы бағдарламаны дайындаған белгілі жаттықтырушы Илья Абербух. Оған Алексей Ягудин, Ирина Слуцкая, Татьяна Навка, Роман Костомаров, Максим Маринин, Марат Башаров, Екатерина Стриженова, Ксения Алферова сияқты танымал жұлдыздар қатыспақ. Спорт жұлдыздарының арасында мәнерлеп сырғанау өнерінен олимпиада және әлем чемпиондары бар.