Конференцияның басты мақсаты - музей қызметін жандандыру және халықтың, әсіресе жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру.
Конференция ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Халықаралық Мұражайлар Одағы ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің және ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастырылуымен өткелі отыр. Шараға 300-ге жуық мәдениет және музей қызметкерлері қатысады.
Басқосу барысында «Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық идеяны қолдау және қазақ мәдениетінің жаңа бастамалары талқыға салынады.
Сондай-ақ, шара соңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан «Мәдениет саласының үздігі» ведомстволық марапаты мен мақтау қағаздары, ИКОМ Қазақстан тарапынан «Жыл мұражайы» дипломы мен медалі салтанатты түрде табысталады.