Астанада нан бағасы қымбаттамайды
Осы жылы ел Үкіметінің Тұрақтандырма қорынан Астана қаласына үшінші сұрыпты 57900 тонна (айына 4825 тонна) астық бөлінген.
«Қазіргі уақытта нан бағасы шарықтап кетпес үшін Үкімет тарапынан шара қолданылуда. Еліміздің Тұрақтандырма қорынан 1,3 млрд тонна астық бөлінді. Бұл дегеніміз, 2012 жылдың тамызынан 2013 жылдың тамызына дейін баға бір қалыпта болады деген сөз. Демек, Астана тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ», дейді М. Далабаев.
Нан мен ұн бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі 5 бидай өндіретін кәсіпорынмен, 30 наубайхана және 17 қоғамдық сауда орындарымен меморандум жасасқан. Меморандумға сәйкес нан бағасы 50 теңгеден аспауы керек. Сонымен, әзірге Астана қаласы бойынша формалы нан - 50 теңге, бірінші сұрыпты ұн - 86 теңге. Ал жоғары сұрыпты ұн 114 теңгеден 134 теңгеге көтерілген.