Күн сайын артып отырған жаңа қоныстанушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаланың өнеркәсібі де осы серпінге сәйкес өркендеуде. Жыл басынан бері елордада нан мен сүт өндіру 15%-дан астам ұлғайды. Сондай-ақ, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда макарон өндіру көлемі 1,7 есеге өсті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен мәлім етті.
Сонымен қатар Астанада ірімшік пен сүзбе дайындау (5,9%-ға), ұн (12,5 %-ға) және шұжық өнімдері (31,6%-ға) артты, - делінген баспасөз хабарында.
Тұтастай алғанда, 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында қаланың азық-түлік өндірісі көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125,5%-ды құрады.
2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі тауар өндіру көлемі 26,6% ұлғайды. Департаменттің мәліметі бойынша, өнім өндіру көлемінің өсімі азық-түлік тағамдары, резина, пластмасса және ағаш бұйымдары мен жиһаздар өндіруден басқа барлық өңдеуші өнеркәсіп салаларында байқалады.
Бұдан басқа, құрылыс индустриясының кәсіпорындары тауарлы бетонның (2012 жылдың қаңтар-ақпан айлары деңгейінен 208%), цементтен, бетоннан немесе өзге де жасанды тастардың қолданылуымен құрылыс үшін қажетті жинақтық конструкциялар элеметтерінің айтарлықтай өсімін қамтамасыз етті.
«Машина жасауда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін (151,7%), бөлу қалқандарын (155,6%) және дизель локомотивтерін (187,5%) шығару ұлғайды», - деп хабарлады ведомстводан.