Осы уақытқа дейін көрмені 6 мыңға жуық адам тамашалаған. Бұл туралы astana.kz сайтына Тәуелсіздік сарайының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Наполеон. Өмір, аңыз» экспозициясы Ұлттық Мұражай және Үлкен Сарайы Бірлестігі, сондай-ақ Қазақстандағы Франция Елшілігінің бастамасымен Наполеон қоры және Астана қаласының Әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы Франция жылының аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шара 19 желтоқсанда ашылды.
Көрме Франция мен Еуропаның тарихи тұлғасы Наполеонның өмірі мен қызметіне арналған. Онда сол кезеңнің шығармашылық, ғылыми және саяси ғұмырын, сонымен қатар, Наполеон дәуіріндегі азаматтық қоғам өзгерістерін көрсету мақсатында Наполеон дәуірі кезінен сақталған шамамен 300 көрме экспонаты, өнер туындылары, қолжазба мен жиһаз заттары қойылған.
Экскурсия қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Қазіргі уақытта көрмені Астанадағы түрлі дипломатиялық өкілдіктердің уәкілдері тамашалады.
Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.