Бұл туралы Ұлттық қордың баспасөз қызметіне хабарлады.
Чемпионатқа Қазақстанның 8 қаласынан - Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен және Шымкенттен барлығы 24 команда қатысады. Қазылар алқасына ресейлік «Своя игра» зияткерлік ойынының рекордсмені Анатолий Вассерман, сондай-ақ «Не? Қайда? Қашан?» элиталық клубының «хрустальді үкісін» иеленген, аталмыш ойындар бойынша 2010 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Григорий Алхазов шақырылып отыр.
«Самұрық-Қазына» қорынан мәлім еткендей, чемпионатқа аталмыш бағдарламаның қазақстандық нұсқасына қатысушы барлық білгірлер шақырылып отыр. Зияткерлік турнирдің жеңімпазы ағымдағы жылы күзде өтетін «Не? Қайда? Қашан?» ойынының әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Еске салайық, «Не? Қайда? Қашан?» ойынының І-чемпионаты 2011 жылы маусым айында Ақтауда өтті. Жеңімпаз ақтаулық «Анкор» командасы болды.