Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Статистика департаментінен хабарлады.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 472,229 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12,7% ұлғайған. Астананың республикалық көлемдегі үлесі - 9,5%.
Инвестициялардың үлесінің басым бөлігі жеке меншікті формадағы кәсіпорындармен игерілген, бұл олардың жалпы көлемінің 59,9% құрайды.
Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаржысы 30,4%, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаржысы - 54,4%, банктердің несиелері - 4,7%, басқа несие қаржысы - 10,5%.