Астанада неміс және француз классикалық музыкасының көктемгі концерті өтті

СТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Кеше, кешқұрым Астанадағы Қазақ Ұлттық музыка академиясында Қазақстандағы Германия жылы аясында неміс және француз классикалық әуендерінің көктемгі концерті өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл концерт Қазақстандағы Германия жылы бағдарламасының бір бөлігі. Қазақстан өткен жылы неміс елінде өзін қандай кең көрсете алса, Германия биыл өзін сондай деңгейде көрсетпекші», - деді Қазақстан Республикасындағы Германияның Елшісі Райнер Ойген Шлагетер.

Концетрт барысында Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі (дирижер Қанат Ахметов) мен Қазақ ұлттық өнер университеті аралас хорының сүйемелдеуімен неміс және француздық классикалық музыка ойнады.