«Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде гүлдердің арасынан тексеруге қажетті нұсқалар алынып, Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша гүлден трипс зиянкесі анықталды.
Карантиндік нысандар қауіпті зиянкестерді жұқтырған гүлдердерді кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жояды.
Айта кетейік, қазіргі таңда батыс (Frankliniella occidentalis) гүл трипсі жабық жерде өсірілетін гүлді, сәндік, көкөніс дақылдарының аса қауіпті зиянкесі болып табылады.