Су сору жұмыстарына 72 ассенизаторлық машина тартылды, соның ішінде «Алматы» ауданында - 26, «Сарыарқа» ауданында - 17, «Есіл» ауданында - 29.
Синоптиктердің болжамына, 5 маусымда күн ала бұлтты болады, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа температурасы 13... 15°С, күндіз 23... 25°С болуы ықтимал.
Дүйсенбі күні, 6 маусымда жауын-шашын болмайды. Күндіз 23... 25°С жылы болады, түнде сынап бағанасы 10... 12°С көрсетеді.
7 маусымда күндіз 25... 27°С ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде 13... 15°С жылы болады.