15 шілде күні өтетін «Өз елім» атты шығармашылық кеште «Дедім-ай,ау!», «Алқоңыр» және өзге де халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Сабырхан Асанов, Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Мұхамеджанов, Бахыт Қайырбеков және көптеген басқа да қазақ композиторлары мен ақындарының туындылары орындалады.
Нұрғали Нүсіпжанов - ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік жүлденің лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.