Астанада Нұржол желекжолының учаскесі уақытша жабылады

Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол желекжолының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жолдың үстіңгі қабатын салу жұмысын жалғастырады.

Осыған байланысты 21-22 маусым аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Айта кетелік елордадағы Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатыны туралы жазған едік.