Астанада «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағы тегін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аязға байланысты «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы бүгін тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті автокөлік иелері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұржол» желекжолындағы тұрақ бүгін, 8 ақпанда тегін», - делінген «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» компаниясы тартқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 5 ақпаннан бастап қатты аязға байланысты елордадағы ескі теміржол вокзалы мен әуежайдың ақылы көлік тұрақтары тегін қызметке көшті. Ондағы барлық шлагбаумдар көтеріліп, көлік иелеріне тұраққа еркін кіріп, шыға алады.