Астанада офицерлер балы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қорғаныс университетінде Республика күніне орай офицерлер балы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, офицерлер балы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінеді. Олар сыпайылық, талғампаздық пен бекзаттық әдептерін паш етеді.

Шараға офицерлер өз жұбайларымен қатысты. Қазылар алқасына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов төрағалық етті.

«Бұл шараны Ұлттық мереке – Республика күніне арнадық. Әскерилер арасындағы офицерлер балы ежелден бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып табылады», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Нәтижесінде Әскери-гуманитария ғылымдары факультетінің мүшелері үздік деп танылды. Жекелеген жұптар «Көркемдік», «Үйлесімділік», «Бірегейлік» және «Грация» аталымдары бойынша марапатталды.