Астанада ОҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесінде қала әкімі И.Тасмағамбетов болды

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада орталық алаңда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтың айтуынша, жәрмеңкеге 260 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Аталмыш жәрмеңкені елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов келіп, аралап көрді. 

«Бұның бір ерекшелігі - ешқандай алып-сатар жоқ, таза сол өнім өндірген өндірушілер келген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны нарықтың бағасынан 20-25 пайызға арзан болады», - дейді Қ.Оспанбеков. 

Негізгі 260 тоннаның 50 тоннасы - қой мен сиыр еті, 10 тонна - күркетауық еті, қалғаны көкөніс, бақша өнімдері. Қ. Оспанбектің мәлім еткеніндей, дәл осындай жәрмеңке келесі аптада Алматыда ұйымдстырылмақ.