«Қаладағы 129 мыңнан аса оқушы 100 пайыз оқулықпен қамтылады. Тендер жүргіздік, қазір оқулықтарды тасымалдау туралы келісімшарт жасасып жатырмыз. 10 тамызға дейін оқулықтардың барлығы мектептерге жетеді. 10 тамыздан кейін сынып жетекшілері оқулықтарды тарата бастайды. Сондықтан, оқулық сатып аламын деп ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Ертең оқулық жеткізушілермен тағы жиналыс өткіземіз. Тағы да қайталап айтамын, оқулықтарды 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етеміз», - деді журналистердің сұрағына жауап берген.
Егер оқулық жетпеген ата-ана болса, 55 01 62 нөмірі арқылы және 8778 255 01 62 телефонына WhatsApp қосымшасы арқылы Білім басқармасына хабарласуына болады.